БАКТЕРИЯЛЫҚ КҮЙІК АУРУЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ ERWINIA AMYLOVORA БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫ

Авторлар

  • Ж.З. Умиралиева "Жазкен Жиембаев отындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС https://orcid.org/0000-0001-7203-5171
  • А.А Джаймурзина "Жазкен Жиембаев отындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС https://orcid.org/0000-0001-6830-7525

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.02.15

Кілт сөздер:

жеміс дақылдарының бактериялық күйігі, Erwinia amylovora, бактерицидтік қасиеттер, антибиотиктер, ұңғыма әдісі

Аңдатпа

Бактериялық күйік – шекілдеуікті жеміс дақылдарының ең қауіпті ауруларының бірі. Бұл әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да, карантинді ауру болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көптеген бактериялық күйік ауруының ошақтары тіркелген, бұл республиканың жеміс-жидек шаруашылығына елеулі қауіп төндіреді.

Карантиндік ауру ретінде бактериялық күйікпен күресудің радикалды әдістерінің бірі – ол ағаштарды тамырымен қопару болып табылады, бұл өз кезегінде үлкен экономикалық шығындарға әкеледі, әрі тиімді болмауы мүмкін.

Америкада және Еуропа елдерінде стрептомицин антибиотигі ұзақ уақыт бойы бактериялық күйікпен күресу үшін қолданылған. Ол 60 жылдан астам уақыт бойы, адамның және қоршаған ортаның жағымсыз әсерлері туралы хабарламасыз аталмыш аурумен күресу үшін қажет болды. Стрептомицин ұзақ уақыт бойы бактериялық күйікпен күресудің негізгі құралы болған АҚШ пен Израильде, Erwinia amylovora қоздырғышында осы антибиотикке төзімділікті дамытты. Бұл антибиотикке тыйым салынған Еуропада, аурудың жоғары қаупі болжанған кезде өсімдік шаруашылығында қолданылады.

Біздің зерттеулеріміздің мақсаты зертханалық жағдайда E. amylovora бактериясының стрептомицинге және басқа антибиотиктерге сезімталдығын бағалау болды.

Зерттеу нәтижелері бактерицидтік қасиеттері бойынша сыналған антибиотиктердің стрептомициннен жоғары екенін көрсетті. Жоғары бактерицидтік қасиеттерге офлоксацин мен цефазолин ие болғандығын көрсетті, бұл оларды жеміс ағаштарының жаппай жойылуына әкелетін эпифитотия қаупі бар қауіпті карантиндік бактериялық күйік ауруына қарсы қолдану мүмкіндігін көрсетеді. Ол үшін терең және жан-жақты зерттеулер қажет.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Биография автора

А.А Джаймурзина, "Жазкен Жиембаев отындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС

 

 

Загрузки

Жарияланды

2023-06-12

Как цитировать

Умиралиева, Ж., & Джаймурзина, А. (2023). БАКТЕРИЯЛЫҚ КҮЙІК АУРУЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ ERWINIA AMYLOVORA БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫ . Микробиология және вирусология, 2(41), 220–228. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.02.15

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар