АДГЕЗИЯ ӘДІСІМЕН ПЕРСПЕКТИВТІ ПРОБИОТИКАЛЫҚ ШТАММДАРДЫ АЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.03.14

Кілт сөздер:

сүтқышқылды бактериялар, лактобактериялар, пробиотиктер, адгезивті белсенділік, штаммдар

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты перспективті пробиотикалық штаммдарды үй жағдайында дайындалған бие сүті, қымыз, шұбат, қатық, айран сүтқышқылды тағамдардан бөліп алу.

Пробиотикалық микроорганизмдердің адгезивті қасиеті асқазан-ішек шырышты қабығының эпителий жасушаларын байланыстыратын рецепторлар үшін патогенді және шірік бактериялармен бәсекелесу қабілеттілігі тексерілді. Белсенді 16 сүтқышқылды бактериялардың ішінен жоғары және орташа көрсеткіштерге ие 12 штаммы іріктеліп алынды. Bruker MALDI-TOF BIOTYPER жүйесі арқылы идентификациялау барысында олар Lactobacillus туыстығына жататын 7 түрі анықталды: L. plantarum, L.rhamnosus, L. casei, L. paracasei, L. brevis, L. bulgaricus және L. acidophylus. Анықталған 7 штаммның адгезивті белсенділігі жоғары дәрежені көрсетті.

Зерттеу нәтижесінде алынған белсенді штаммдардан пробиотикалық консорциум Lactobacillus paracasei S-612, Lactobacillus plantarum S-106, Lactobacillus plantarum S-414, Lactobacillus rhamnosus S-811, Lactobacillus acidophylus S-1, Lactobacillus brevis S-2, Lactobacillus fermentum d-4 жиынтығы құрылды. Пробиотикалық консорциум алкогольді сусынмен зақымдалған ішкі ағза қуыс мүшелерін түзету үшін пробиотикалық өнім жасау үшін таңдалып алынды.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Биографии авторов

З.Б. Тұңғышбаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Биология кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы

Н.В. Рудаков, Омбы табиғи – ошақты инфекциялар ҒЗИ

медицина ғылымдарының докторы, профессор

Загрузки

Жарияланды

2023-09-18

Как цитировать

Орынбаева, Ж., Тұңғышбаева, З., Молдагулова, Н., Құлжанова, Д., & Рудаков, Н. (2023). АДГЕЗИЯ ӘДІСІМЕН ПЕРСПЕКТИВТІ ПРОБИОТИКАЛЫҚ ШТАММДАРДЫ АЛУ. Микробиология және вирусология, 3(42), 231–242. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.03.14

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар