ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫНДА ИНФЕКЦИЯСЫ БАР ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ БАКТЕРИЯЛЫҚ МИКРОФЛОРАСЫНА СИПАТТАМА

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.04.11

Аңдатпа

Жануарлардан бөлініп алынған жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын оқшаулау, олардың биологиялық қасиеттерін зерттеу негізінде, антибиотикке төзімділіктілігін анықтау өзекті міндетердің бірі болып табылады. In vivo биологиялық жүйесіндегі іш қуысының қабынуы кезінде диагностикалық мақсатта өлтірілген зертханалық егеуқұйрықтарда микроорганизмдердің дақылдары оқшауланып, олардың антибиотиктерге сезімталдығы зерттелді. Тәжірибелік топтардың егеуқұйрықтарындағы жедел іш қуысының қабынуын 0,5 см3 дозада копрологиялық материалдың (нәжістің) суспензиясын құрсақішілік енгізу арқылы шақырылды. Супензия егеуқұйрықтардан алынған жаңа копрологиялық материалдан, физиологиялық ерітіндідегі стерильді бокс жағдайында дайындалды. Тәжірибелік және бақылау топтарының жануарларына 5 күн бақылау жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде егеуқұйрықтарды іш қуысына копрологиялық экссудатпен жұқтырғаннан кейін 2-ші және 5-ші күні эксперименттік перитонит дамығаны анықталды, ол қан мен лимфа тамырларындағы, капиллярлар мен венулалардағы қан мен лимфа айналымының бұзылуымен, ұлпалардың ісінумен, ішкі мүшелер мен тамырлардағы геморрагиялармен, некрозбен сипатталатын қабыну процесінде көрінді (инфекциядан кейін 5 күн). Құрсақ қуысының экссудатын, құрсақ қуысының экссудатын және тәжірибелі егеуқұйрықтардың бауырын бактериологиялық зерттеу нәтижесінде патогендік және шартты патогендік микроорганизмдер бөлініп алынды. Дақылдарды культуралды-морфологиялық, тинкториалдық және биохимиялық қасиеттерін зерттеу негізінде анықталды. Егеуқұйрықтардың биологиялық материалының сынамаларынан Escherichia coli, Staphylococcus aureus, Pseudomonas aeruginosa оқшауланған. Оқшауланған микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығы зерттелді. Егеуқұйрықтардың жұқпалы іш қабынуының этиологиясын білу, әр түрлі топтағы антибиотиктердің қоздырғыштарына әсер ету, препаратты дұрыс таңдау инфекцияны қысқа мерзімде жоюға ықпал етеді.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Биография автора

Г.А. Демченко, ҚР ҒЖБМ ҒК "Генетика және физиология институты"

Медицина ғылымының докторы

Загрузки

Жарияланды

2023-12-15

Как цитировать

Мұсаева, Ә., Абдрешов, С., Егорова, Н. Н., Ешмуханбет, А., Есенова, М., Горчаков, В., & Демченко, Г. (2023). ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫНДА ИНФЕКЦИЯСЫ БАР ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ БАКТЕРИЯЛЫҚ МИКРОФЛОРАСЫНА СИПАТТАМА. Микробиология және вирусология, 4(43), 183–196. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.04.11

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар