СҮЗБЕ ӨНІМДЕРІНІҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • А.А. Арапова Алматы технологиялық университеті
  • Э.К. Асембаева Алматы технологиялық университеті
  • А.Е. Рябова Бүкілресейлік сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты
  • С.Н. Саримбекова Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Е.Ж. Габдуллина Алматы технологиялық университеті

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.01.11

Кілт сөздер:

сүзбе өнімдері, биологиялық белсенді зат, арабиногалактан, микробиологиялық көрсеткіштер, сақтау мерзімі.

Аңдатпа

Қазіргі таңда тұтынушылардан бояғыштары мен консерванттары жоқ табиғи жоғары сапалы сүзбе өнімдеріне сұраныс артуда. Ал бұл өз кезегінде тағамдық қоспаларға жаңа талаптар қояды – олар технологиялық тұрғыдан жетілдірілген және денсаулыққа пайдалы, сонымен қатар азық-түлік өнімдерінің жоғары тұтынушылық сапасын қамтамасыз етуі керек.

Бұл мақалада табиғи текті биологиялық белсенді зат – арабиногалактанмен толықтырылған сүзбе өнімдерінің сақтау мерзімі кезіндегі сапа көрсеткіштерін зерттеу мақсатында органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштеріне талдаулар жүргізіліп, олардың белгіленген сақтау мерзіміндегі өзгеру динамикасы анықталды.

Алынған нәтижелер арабиногалактанды қосу өнімнің органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық қасиеттеріне жағымды әсер ететіндігі және сақтау мерзімін ұзартатындығы анықталды. Өнімнің сапалық көрсеткіштерінің сақталуына кепілдік беретін сақтау мерзімі 4±2°C сақтау температурасында өндірілген күннен бастап 7 күнді құрады. Бүкіл жарамдылық мерзімі ішінде сүзбе өнімі белгіленген стандарттар шегінде өзінің сапалық сипаттамаларын сақтай отырып, органолептикалық қасиеттері жоғары өнімді алуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Загрузки

Жарияланды

2024-03-18

Как цитировать

Арапова, А., Асембаева, Э., Рябова, А., Саримбекова, С., & Габдуллина , Е. (2024). СҮЗБЕ ӨНІМДЕРІНІҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН БАҒАЛАУ. Микробиология және вирусология, 1(44), 176–187. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.01.11

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар