БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ БРУЦЕЛЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫН ГЕНОТИПТЕУ

Авторлар

  • А.Т. Даугалиева ЖШС «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты»
  • С.Г. Қанатбаев Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясы
  • C.T. Даугалиева ЖШС “Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы”
  • Н.С. Қыдыр ЖШС «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты»
  • С. Peletto Пьемонт эксперименттік зоопрофилактика институты

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.02.09

Кілт сөздер:

бруцеллез, ірі қара мал, ұсақ мал, мультилокусты талдау

Аңдатпа

Бруцеллез – үй және жабайы жануарларға, сондай-ақ адамдарға әсер ететін Brucella тұқымдасының бактериялары тудыратын зооноздық жұқпалы ауру. Қазақстанда бруцеллез жануарлар мен адамдардың эндемиялық ауруы болып табылады. Дәстүрлі биотиптеу әдістері жақын туыс бруцеллалар түрлерін және олардың биоварларын ажырата алмайды және індеттің көзін анықтай алмайды. Біздің зерттеуімізде біз молекулярлық типтеу әдісі – тандем қайталануларының ауыспалы санын мультилокусты талдау арқылы Батыс Қазақстан облысында айналымда жүрген бруцеллалардың генотипін анықтадық.Зерттеу нәтижесінде 13 бас ірі қарадан B.abortus 4 генотипі, 11 бас ұсақ малдан және 2 бас ірі қара малдан B. melitensis 2 генотипі анықталды. Бруцелланың екіншілік жануарлар иелеріне айқаспалы инфекциясы байқалды, B. melitensis ірі қара малда инфекцияны тудырады. Ұсақ мүйізді жануарларда ең көп таралған генотип B. melitensis 3 генотипі болды, ол Шығыс Жерорта теңізі тұқымдастығына жатады және Азия құрлығында таралған. B.abortus штамдарының генотиптері бірегей, өйткені олар алғаш рет Қазақстан территориясында анықталған. Бруцеллездің генетикалық әртүрлілігін зерттеу бруцеллезді жою бағдарламасының соңғы кезеңдеріндегі ошақтарды қадағалау немесе Қазақстанның эндемиялық емес аймақтарындағы адамдар мен жануарлардың инфекция көздерін қадағалау үшін қажет.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Загрузки

Жарияланды

2024-06-18

Как цитировать

Даугалиева, А., Қанатбаев, С., Даугалиева C., Қыдыр, Н., & Peletto С. (2024). БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ БРУЦЕЛЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫН ГЕНОТИПТЕУ. Микробиология және вирусология, 2(45), 145–158. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.02.09

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар