ҚОЗЫЛАРДЫҢ РЕСПИРАТОРЛЫҚ АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕЙБІР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ТҮРЛЕРІНІҢ АНТИМИКРОБТЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Х.А. Азизов Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Н.А. Заманбеков Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • П.Х. Собиех Вармин-Мазурск университеті
  • Н.К. Кобдикова Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Е.М. Корабаев Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Ш.Б. Туржигитова Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • А.А. Жыльгелдиева Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.01.12

Кілт сөздер:

микробқа қарсы белсенділік, иммундық тапшылығы, дәрілік өсімдік, тест-культура, сығынды

Аңдатпа

Бұл мақалада әртүрлі дәрілік өсімдіктердің микробқа қарсы белсенділігі мен иммунологиялық қасиеттерін анықтау бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижелері негізінде дәрілік өсімдіктерден алынған сығындылардың St. aureus, St. pyogenes, E. colli патогендік қоздырғыштарына қарсы айқын бактерияға қарсы әсері бар екендігі анықталды, осы себепті олар ауылшаруашылық жануарлары төлдерінің тыныс алу мүшелері ауруларын емдеу және алдын алу үшін ветеринариялық фитопрепараттар өндірісінде қолданылуына негіз бола алуы мүмкін. 70%-ды спиртті тұнбашалары айтарлықтай айқын микробқа қарсы қасиетке ие болса, ал 40%-ды спиртті тұнбашалары бактерияларға қарсы әлсіз белсенділікті танытты. Алынған зерттеу деректерін талдау нәтижелері қозыларда иммундық жүйенің теңгерімсіздігімен бірге жүретін иммундық тапшылық жағдайы бар екенін көрсетті. Зерттеу барысында қозылар ағзасының иммунологиялық көрсеткіштерін реттеу мақсатында фитопрепараттарды қолданудан оң нәтижелер алынды, ал бұл өз кезегінде иммунитетті қорғаудың иммунологиялық факторларының деңгейінің едәуір артуымен расталды. Бақылау тобымен салыстырғанда Т - және В-лимфоциттер орташа есеппен 37% - ға дейін, нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділігі - 36 %–ға дейін, G және M класындағы иммуноглобулиндер-37% - ға дейін, лизоцим-30,6% - ға дейін ұлғайтындығы анықталды.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Загрузки

Жарияланды

2024-03-18

Как цитировать

Азизов, Х., Заманбеков, . Н., Собиех, П. ., Кобдикова, Н., Корабаев, Е., Туржигитова, Ш., & Жыльгелдиева, А. (2024). ҚОЗЫЛАРДЫҢ РЕСПИРАТОРЛЫҚ АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕЙБІР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ТҮРЛЕРІНІҢ АНТИМИКРОБТЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ. Микробиология және вирусология, 1(44), 188–205. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.01.12

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар