АБОРИГЕНДІ BACILLUS ТУЫСЫ МИКРОБ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АНЫҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МҰНАЙ ШЫҒАРУДЫ ЖОҒАРЫЛАТУЫНДА ҚОЛДАНЫЛУ МҮМКІНШІЛІГІ

Авторлар

  • А.Қ. Ерназарова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Г.Қ. Қайырманова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ұ.Т. Шаймерденова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Р.Б. Магмияев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А.Р. Исламова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.01.10

Кілт сөздер:

микроорганизмдер, Bacillus, MEOR, биосурфактанттар, эмульсия

Аңдатпа

Бұл зерттеу мұнай шығаруды жоғарылатудың микробиологиялық әдістерін (Microbial enhanced oil recovery – MEOR) әзірлеу үшін әлеуетті нысандар ретінде дамыған мұнайпласттарынан белсенді Bacillus дақылдарын оқшаулау мақсатында жүргізілді. Зерттеу материалдары ретінде Батыс Қазақстанда орналасқан "Жетібай" және "Құлсары" екі мұнай кен орнының мұнайпласт сулары пайдаланылды. Bacillus тұқымының сегіз дақылы 16S рРНҚ генінің филогенетикалық талдауы негізінде бөлініп алынды және анықталды. MEOR үшін құнды мақсатты қасиеттер ретінде сірке қышқылы мен биосурфактанттардың түзілуі зерттелді. Зерттелетін микроорганизмдердің май қышқылдарымен қатар сірке қышқылын да синтездеуге қабілетті екендігі анықталды. Биосурфактанттардың түзілуінің көрсеткіші ретінде эмульгирлеуші белсенділігі анықталды. |Ең жоғары эмульсия индексі Bacillus sp. ZhM-3 және Bacillus sp. KM-2 штаммдарында байқалды – шикі мұнай үшін 80% және 65%, сәйкесінше гексан үшін 69% және 50%. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Bacillus sp. ZhM-3 және Bacillus sp. КМ-2 дақылдары органикалық қышқылдардың (сірке және май қышқылдары) және шикі мұнайды эмульгирлеуге қабілетті биосурфактанттардың белсенді өндірушілері болып табылады, бұл оларды сарқылған кен орындарынан мұнай шығаруды жоғарылатуға бағытталған биотехнологиялық процестерде қолдану үшін әлеуетті тиімді етеді.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Загрузки

Жарияланды

2024-03-18

Как цитировать

Ерназарова , А., Қайырманова, Г., Шаймерденова , Ұ., Магмияев, Р., & Исламова, А. (2024). АБОРИГЕНДІ BACILLUS ТУЫСЫ МИКРОБ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АНЫҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МҰНАЙ ШЫҒАРУДЫ ЖОҒАРЫЛАТУЫНДА ҚОЛДАНЫЛУ МҮМКІНШІЛІГІ. Микробиология және вирусология, 1(44), 158–175. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.01.10

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар