ДОССОР КЕН ОРНЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНДАҒЫ МИКРОБТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫҢ ӘРТҮРЛІЛІГІНЕ МҰНАЙМЕН ЛАСТАНУДЫҢ ӘСЕРІ

Авторлар

  • К.Е. Есентаева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • Р.Ж. Бержанова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • Т.Д. Мукашева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • А. Mikolasch Грайфсвальд Университеті, микробиология институты
  • А.К. Кудабаев ЖШС «BioClean»

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.02.14

Кілт сөздер:

мұнай, топырақ, көмірсутегінтотықтырушы микроорганизмдер, микробтық қауымдастық, Доссор кен орны

Аңдатпа

Мұнаймен ластанған топырақтың экологиялық процестері мен биоремедиациясын түсіну үшін микроб қауымдастығындағы құрылымының өзгеруін зерттеу қажет. Нәтижелер әр түрлі деңгейде ластанған Доссор кен орнындағы топырақ үлгілеріндегі микроорганизм қауымдастығының сандық және таксономиялық алуантүрлілігі маңызды айырмашылықтар көрсетті. Ластану деңгейі төмен үлгілер - микроорганизм саны мен бөлініп алынған микроорганизм алуантүрлілігінің жоғарылығымен сипатталды. Топырақ құрамындағы көмірсутек деңгейі 58770 - 61589 мг/кг үлгілерімен салыстырғанда топырақтағы мұнай құрамы 3990 - 4158 мг/кг үлгілеріндегі микроорганизм саны 2 есе жоғары екендігін көрсетті. Доссор кен орнындағы үлгілерінде негізгі бактериялды филиумдар: Protobacteria47,46 %, Firmicutes17,96%, Actinobacteria 18,86%, Bacteroidetes12,46%, и 3,31% – басқа филиумдар. Ластану деңгейі төмен үлгілерде бөлініп алынған микроорганизмдер алуантүрлілігі көбірек. Micrococcus, Arthrobacter, Mycobacterium, Achromobacter, Gordonia, Ochrobactrum, Microbacterium, Nocardia,  Streptomyces, Rhodotorula, Trichosporon, Candida және Aureobasidium микроорганизм түрлері бөлініп алынды.  Жоғары деңгейде ластанған топырақ үлгілерінде микроб қауымдастығы азырақ. Мұнаймен ұзақ уақыт ластану топыраққа айтарлықтай әсер етеді, яғни, микроб қауымдастығының құрылымын өзгертіп, стрестік фактор ретінде ықпал етеді.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Загрузки

Жарияланды

2024-06-18

Как цитировать

Есентаева, К., Бержанова, Р., Мукашева, Т., Mikolasch А., & Кудабаев, А. (2024). ДОССОР КЕН ОРНЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНДАҒЫ МИКРОБТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫҢ ӘРТҮРЛІЛІГІНЕ МҰНАЙМЕН ЛАСТАНУДЫҢ ӘСЕРІ. Микробиология және вирусология, 2(45), 231–245. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.02.14

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар