АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА SOLANUM LYCOPERSICUM (ҚЫЗАНАҚ) ОҚШАУЛАНҒАН ПАТОГЕНДІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫ ИЗОЛЯЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ

Авторлар

  • У.А. Абылаева ТОО "КазНИИЗиКР им Ж.Жиембаева" https://orcid.org/0000-0002-6254-3209
  • А.А. Сардар "Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС https://orcid.org/0000-0001-9876-5674
  • А.К. Турсунова "Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС https://orcid.org/0000-0002-9447-4738
  • Ш.М. Турбекова "Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС https://orcid.org/0000-0002-2595-8288
  • Г.Д. Абишева "Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС https://orcid.org/0000-0002-9493-3121

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.03.15

Кілт сөздер:

ITS- аймақ, Қызанақ, Патоген, Идентификация, Праймер

Аңдатпа

Solanum lycopersicum (қызанақ) - бүкіл әлемде тұтынылатын ең маңызды көкөніс дақылы. Оның өндірісін шектейтін негізгі факторлардың бірі саңырауқұлақ аурулары. Қоршаған ортаның белгілі бір абиотикалық және биотикалық факторларының, атап айтқанда зиянды микроорганизмдердің негізінде пайда болатын аурулар кешенінің дамуы жеміс өнімділігінің төмендеуіне әкеледі және қызанақтың жоғары және тұрақты өнімділігін алуға теріс әсер етеді. Қорғаныс шараларының негізі - ол көбінесе ауру қоздырғыштарының түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктерін білуге негізделеді. Осыған сүйене отырып,  қызанақты фитопатогендерден қорғау шараларын ұйымдастырып,  аурудың дамуын шектеуге ықпал ететін ғылыми негізделген әдістерді қамтуы керек.

Зерттеу жұмысының өзектілігі – Алматы облысы Қарасай ауданы жағдайында қызанақ дақылының «Ламадор» сортында кездесетін Fusarium, Alternaria және Aspergillus туыстығына жататын саңырауқұлақтар класикалық және молекулалық-генетикалық әдістер арқылы түрлік құрамға дейін анықталды.

Мақалада S. lycopersicum дақылының саңырауқұлақ ауру қоздырғыштары баяндалған. Дақылдың негізгі аурулары: көшеттердің залалдануы, фузариоздық солу, қоңыр дақ, сақтау кезіндегі жемістердің шіруі. Ауру белгілері бар қызанақ үлгілерінен бөлініп алынған патогендерге морфологиялық-культуралдық қасиеттері бойынша фитопатологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізіліп, түрге дейін идентификация жасалынды. Дәстүрлі микологиялық әдістерді бірлесіп қолдану нәтижесінде қызанақ дақылынан алынған 4 изоляттың ішінде Fusarium туыстығының 2 түрі: Fusarium equiseti және Fusarium oxysporum изоляттары, Alternaria туыстығынан: Alternaria alternata, Aspergillus туыстығынан: Aspergillus flavus анықталды.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Биографии авторов

У.А. Абылаева, ТОО "КазНИИЗиКР им Ж.Жиембаева"

Молекулалық генетика және биохимия зертханасының кіші ғылыми қызметкері

А.А. Сардар, "Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС

Фитопатология зертханасының ғылыми қызметкері

А.К. Турсунова, "Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС

Молекулалық генетика және биохимия зертханасының меңгерушісінің міндетін атқарушы

Ш.М. Турбекова, "Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС

Молекулалық генетика және биохимия зертханасының кіші ғылыми қызметкері

Г.Д. Абишева, "Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты" ЖШС

Молекулалық генетика және биохимия зертханасының кіші ғылыми қызметкері

Загрузки

Жарияланды

2023-09-18

Как цитировать

Абылаева, У., Сардар, А., Турсунова, А. ., Турбекова, Ш., & Абишева, Г. . (2023). АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА SOLANUM LYCOPERSICUM (ҚЫЗАНАҚ) ОҚШАУЛАНҒАН ПАТОГЕНДІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫ ИЗОЛЯЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ. Микробиология және вирусология, 3(42), 243–260. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.03.15

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар