СҮТҚЫШҚЫЛДЫ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ АНТИБИОТИКТЕР МЕН МИКРООРГАНИЗМДЕРГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.04.13

Кілт сөздер:

сүтқышқылды бактериялар, пробиотиктер, скрининг, антимикробтық белсенділік, антибиотикке төзімділік

Аңдатпа

Зерттеудің негізгі мақсаты – алкогольдік сусындармен зақымдалған ішкі ағза қуыс мүшелеріне оң әсер ететін сүтқышқылды бактерияларға скрининг жүргізу арқылы белсенді штаммдарды анықтау.

Пробиотикалық өнімнің құрамдас бөлігі - белсенді изоляттар. Олар жеке дара немесе консорциум құрамында белсенділік танытады. Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстың нысаны ретінде бие сүті, қымыз, шұбат, қатық, айран өнімдері алынды. Зерттеу барысында сүтқышқылды өнімдерден 16 сүтқышқылды бактериялардың таза культуралары бөлініп алынды. Олардың антибиотикке төзімділіктері мен антимикробтық белсенділіктері зерттелді.

Зерттеу нәтижесінде жоғары пробиотикалық белсенділікке ие 8 изолят анықталды. Белсенді изоляттар MALDI-TOF Biotyper Bruker масс-спектрометр көмегімен идентификацияланып, олардың Lactobacillus туыстығына жататын келесі түрлері екендігі белгілі болды: L. casei, L. paracasei, L. plantarum, L. rhamnosus, L. acidophylus, L. brevis, L. fermentum.

Белсенді штаммдар (Lactobacillus casei d-3, Lactobacillus paracasei S-612, Lactobacillus plantarum S-106, Lactobacillus plantarum S-414, Lactobacillus rhamnosus S-811, Lactobacillus acidophylus S-1, Lactobacillus brevis S-2, Lactobacillus fermentum d-4) алкогольді сусынмен зақымдалған ішкі ағза қуыс мүшелерін қалпына келтіру үшін қолданатын пробиотикалық өнімге қажетті консорциум құру мақсатында таңдалып алынды.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Биографии авторов

Ж.А. Орынбаева, Абая атындағы Қазақ Ұлттық пеагогикалық университеті

докторант 2 курса кафедры"Биологии" в КазНПУ им.Абая

Абай атындағы ҚазҰПУ, "Биология" кафедрасының 2 курс докторанты

2nd year doctoral student of KazNPU named after Abai, Department of Biology

Қазақша, Абая атындағы Қазақ Ұлттық пеагогикалық университеті

Биология ғылымдарының докторы, Биология кафедрасының профессоры

 

 

Н.Б. Молдагулова , Экостандарт.kz

.

E. Нағызбеккызы, Экостандарт.kz

.

Загрузки

Жарияланды

2023-12-15

Как цитировать

Орынбаева, Ж., Тұңғышбаева, З., Молдагулова , Н., Нағызбеккызы E., & Рудаков, Н. (2023). СҮТҚЫШҚЫЛДЫ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ АНТИБИОТИКТЕР МЕН МИКРООРГАНИЗМДЕРГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІ. Микробиология және вирусология, 4(43), 217–233. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.04.13

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар