ҚЫЗҒАЛДАҚТАРДАҒЫ PENICILLIUM SP. ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ФИТОПАТОГЕНДІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.04.14

Аңдатпа

Өсімдік ауруы, өте күрделі патологиялық үдеріс. Өсімдіктерде ауру тудырушылардың ішінде басты орын алатындар фитопатогенді саңырауқұлақтар. Соның бірі зең ауруы қоздырушысы – пенициллиоз ауруы. Жұмыстың мақсаты - Penicillium sp. тұқымдас саңырауқұлақтардың таралуы мен түрлік құрамын анықтау. Ашық және жылыжай жағдайында өсірілген қызғалдақтарды зақымдаған ауру қоздырушысының биоэкологиялық ерекшеліктері анықталды. Туыс түрлерінің субэпидермальды инфекциясынан беткі инфекциясы басым болды. Бұл саңырауқұлақ түрлері бадананың сапасына айтарлықтай әсер етіп, зақымданғандарының өнуі мен тіршілікке қабілеттілігін айтарлықтай төмендетті. Ең зақымданған эксклюзивті сорт Tulipa Dynasty, ал ең төзімдісі Tulipa Delta  Storm болды.

Аурудың таралуы (Р%) және дамуы (R%), ылғалды камера әдісімен, КДА-да (картоп-декстрозды агар) Penicillium sp өсіру, микроскопиялық талдау, сондай-ақ ПТР (полимеразалы тізбекті реакция) талдау әдістерімен анықталды. ПТР талдауының нәтижелері бойынша жылыжай жағдайындағы қызғалдақтарға негізінен Talaromyces variabilis (Penicillium variabile) түрі әсер ететіні анықталды, пенициллездің таралуы 2021-2022 жылдар аралығында орташа есеппен 7%-9%-ға шамасында болды.

Салыстыру нәтижесінде штамм түрі анықталды. Сәйкестендіру нәтижесінде анықталған саңырауқұлақ атауларының маңыздылығы, түр атауларының дұрыс жазылуы Mycobank ақпараттық базасының номенклатурасы арқылы тексерілді.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Биографии авторов

Н.Н. Салыбекова, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиеті

PhD

K. Гурчан, Эрджиес Университеті

қауымдастырылған профессор, PhD.

Б.Б. Тойжигитова, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиеті

PhD

А.Ш. Мамбаева, Еуразиялық техникалық университеті

PhD

Загрузки

Жарияланды

2023-12-15

Как цитировать

Салыбекова, Н., Апушев A., Юсупов, Б., Гурчан K., Тойжигитова, Б., & Мамбаева, А. (2023). ҚЫЗҒАЛДАҚТАРДАҒЫ PENICILLIUM SP. ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ФИТОПАТОГЕНДІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРЫ. Микробиология және вирусология, 4(43), 234–251. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.04.14

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар