СҮТ САРЫСУЫНДА АШЫТҚЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Г.Ж Абдиева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан
  • П.С. Уалиева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.М. Мәлік әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.К. Ермек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.С. Әбілда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан
  • А. Сисимова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.C. Нұрмағанбетова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.02.12

Кілт сөздер:

ашытқылар, дақыл, биоэтанол, сүт сарысуы, штамм

Аңдатпа

Сарысуды өнеркәсіптік өңдеу қалдықсыз технология принциптерін жүзеге асыруға, толық азық-түлік пен жемшөп ресурстарын көбейтуге, өндірістің рентабельділігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаның ластануын жоюға мүмкіндік береді. Сарысуды өнеркәсіптік өңдеу қазіргі уақытта үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: барлық құрғақ қалдықты кешенді пайдалану; жеке бағалы компоненттерді алу және терең фракциялау; өнеркәсіптік маңызды өнімдерді алу мақсатында жекелеген компоненттердің мақсатты химиялық, ферментативті немесе биологиялық түрленуі.

Зерттеу барысында сүт өнімдерінің микрофлорасы зерттеліп, таза ашытқы дақылдары бөлініп алынды. Морфологиялық – культуральдық қасиеттері зерттеліп, ашытқылардың молекулалық-генетикалық әдіс негізінде түрге дейін идентификациясы жүргізілді. Генетикалық талдау нәтижесі бойынша перспективті штамдары түрге идентификацияланды: Kluyveromyces marxianus SH1, Kluyveromyces marxianus AI1 және Saccharomyces cerevisiae M1. Бұл жұмыстың мақсаты сүт қнімдерінің микрофлорасын зерттеу және ашытқы штаммдарын түрге дейін идентификациялау болып табылады.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Метрики

Загрузка метрик ...

Загрузки

Жарияланды

2024-06-18

Как цитировать

Абдиева, Г., Уалиева, П., Мәлік, А., Ермек, А., Әбілда, А., Сисимова, А., & Нұрмағанбетова, А. (2024). СҮТ САРЫСУЫНДА АШЫТҚЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ. Микробиология және вирусология, 2(45), 193–214. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2024.02.12

Журналдың саны

Бөлім

Біртума мақалалар